A- A A+
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
Хабарлама
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс жариялайды

Конкурсты өткiзу орны мен күнi: СҚО, аудан әкiмi аппараты шағын залы 2019 жылғы 21 қазанда сағат 16.00-де.

Лот № Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, өріс нөмірі Жер учаскесінің қысқаша міндеттемесі (алқап түрі мен құрамы, балл бонитеті) Алаң, га Орташа балл бонитеті Жалға алу мерзімі, жыл
Ивановка ауылдық округі
1 1/69 га, 1*/30 га, 10/3 га, 2/55 га, 3/89 га, 9/12 га, 2*/4 га, 1**/210 га – табиғи жайылымдар

Жалпы

Табиғи жайылымдар

Су астында

Жолдар

Басқасы

577 га

472 га

71 га14 га

20 га

25,0 30 жыл
2 2*/139 га–табиғи жайылымдар

Жалпы

Табиғи жайылымдар

Бұталар

Жолдар

142 га

139 га

1 га

2 га

25,0 30 жыл
Тоқшын ауылдық округі
3 6/90 га – егістік, 26/6 га, 6/31 га, ММ45/40 га – табиғи жайылымдар

Жалпы

Егістік

Табиғи жайылымдар

Жолдар

168 га

90 га

77 га

1 га

21,1 30 жыл
4 III/14 га – егістік, кос 3/7 га – табиғи жайылымдар

Жалпы

Егістік

Табиғи жайылымдар

21 га

14 га

7 га

58,3 30 жыл
5 VI/30 га –егістік

Жалпы

Егістік

30 га

30 га

56,3 30 жыл

Конкурстарды ұйымдастыру мен өткiзу

1. Конкурсқа мемлекеттiк менжiктегi, жер пайдалануға берiлмеген, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығы берiледi.

2. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 43-1 бабына сәйкес қонкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдерiн рәсiмдеген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жiберiледi.

3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау 2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 18 қазан аралығында өткiзiледi.

4. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

«Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiлген конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседi. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап көрсетiлген мерзiм аяқталғанға дейiн он бес жұмыс күнi iшiнде қолма-қол енгiзiледi, одан кейiн өтiнiм электрондық құжат айналымы жүйесiнде тiркеледi.

5. Конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;      

2) жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;

3) өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтiнiм берушi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

6. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №268 бұйрығымен бекiтiлген (мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11549 болып тiркелген) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуы тиiс.

Конкурстық ұсыныста өтiнiм берушi ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

7. Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

8. Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.

9. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «жылғы _ «_» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

10. Жер кодексiнiң 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

11. Қатысушы өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң өтiнiмiн өзгерте немесе керi қайтара алады. Өзгерiс өтiнiм сияқты дайындалады, мөрленедi және ұсынылады. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн алған болса, жарамды болып табылады.

12. Өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi оған өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.

Жер комиссиясы барлық өтiнiмдердi олардың сәйкестiгi, толықтығы, есептемелердегi қателiктердiң, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың бары тұрғысынан зерделейдi, сондай-ақ, жалпы рәсiмдеудiң дұрыстығын тексередi, конкурстық ұсыныста көсетiлген бизнес-жоспар, оның iшiнде, инвестициялардың болжамды көлемi бойынша балл беру жолымен өтiнiмдердi бағалайды, салыстырады.

13. Ең жоғары балл алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Екi және одан да көп конкурстық ұсыныстардың тартылатын инвестицияның ұсынылған көлемi бойынша балдары тең болған жағдайда конкурстың жеңiмпазы комиссия мүшелерiнiң ашық дауыс беруi арқылы анықталады.

Бұл жағдайда ең жоғары балл алған және комиссия мүшелерiнiң ең көп дауысын алған қатысушы жеңiмпаз болып танылады.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2019 жылдың 21 қазанда шығарылады.

2019 жылғы 18 қазан сағат 18.00-ге дейiн СҚО, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесi, 37 150300 мекен-жайға, «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ конкурстық өтiнiмдер қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.

Мәлiметтер және қосышма ақпарат конкурс тәртiбi туралы Аққайың ауданы әкiмi сайтынан www.ak.sko.gov.kz және «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ сайтынан www.ozo-аk.sko.gov.kz алуға болады немесе телефон арқылы: 8 (71532) 2-14-86, 2-17-31.

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2019
Қаралым саны: 4924
coronavirusГосударственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет
@2024 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»

Яндекс.Метрика