A- A A+
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

2022 жылғы 24 қараша 

«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Е-G-3 санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 549 теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын сақтау үшін бақылауды қамтамасыз ету. Салық төлемдерді жинауды қамтамасыз етеді. Азық-түлік тауарларға мониторинг жүргізеді, кәсіпкерлік мәселелерін басшылық жасайды. Заңды мәселелер жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнінде жұмыс.Жұмылдыру және жұмылдыруға дайындық, әскери қызмет және әскери міндет мәселелері жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Веб-сайтта ақпараттарды уақытында орналастыруды қамтамасыз етеді, веб-сайтты уақытында жаңартуды бақылау жасайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысты жүргізу, аудандық кәмелетке толмағандар істер жөніндегі комиссиясымен өзара әрекет етеді. Аппараттың құжаттамалық қызметін мемлекеттік тілде ұйымдастыру. Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, ішкі саясат бөлімімен, дене шынықтыру және спорт бөлімімен, білім бөлімімен жұмыс жасайды. «Парус КАЗ бюджеттік мқаржыландыру» базасында жұмыс. Өз құзыреті шегінде округ әкімімен жүктелген және қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: немесе «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» (гуманитарлық ғылымдар, тілдер және әдебиет), немесе «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (инженерия және инженерлік іс, сәулет және құрылыс, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)), немесе «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», немесе «Бизнес, басқару және құқық» (бизнес және басқару, құқық), «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» (әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат), немесе «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» (агрономия, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы), немесе «Ветеринария», немесе «Педагогикалық ғылымдар», немесе «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс», немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» (қоршаған орта) бейіндері бойынша.

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: немесе «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» Тілдер (тілдерді оқу), немесе «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» Инженерия және инженерлік іс (электротехника және энергетика), Сәулет және құрылыс (құрылыс жұмыстар және азаматтық құрылыс), Жобалаумен, өндірумен және құрылыспен байланысты пәнаралық бағдарламалар мен біліктіліктер (Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша), «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (Деректер базасын және ақпараттық желілерді құру және оларды басқару), немесе «Бизнес, басқару және құқық» Бизнес және басқару (бухгалтерлік іс және салық салу (есеп және аудит), (Қаржы, банктік және сақтандыру ісі (банктік және сақтандыру ісі), «Құқық» (құқық), немесе «Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат» Журналистика және ақпарат (Кітапханалық іс, ақпаратты өндеу және мұрағаттану (Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану), немесе «Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария» Ауыл шаруашылығы (Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және мал өсіру (агрономия, зоотехния), Ветеринария (ветеринария), Орман шаруашылығы (орман шаруашылығы), немесе «Білім» (білім), немесе «Қызметтер» Қауіпсіздік қызметі (Әскери іс және қауіпсіздік), немесе «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» Қоршаған орта (Қоршаған орта және жабайы табиғат) бейіндері бойынша рұқсат етіледі.

Жұмыс тәжірибесі талап етіледі.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-G-3» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестер және өзгерістерге басшылық, стратегиялық ойлау, жетекшілік, шешімдерді қабылдау, қызметті басқару, ынтымақтастық және әрекеттестік, жеделділік, өздігінен даму, адалдық, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жауапкершілік, бастамашылдық, стресске орнықтылық деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. Өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
  3. Білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

  1. Құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
  2. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

  1. Өтініш;
  2. Тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің интернет-ресурсында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап есептеледі, 7 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не Akkain-akimat@sko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

 Қосымша (ZIP 19 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 24.11.2022
Қаралым саны: 652
coronavirusГосударственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет
@2023 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»

Яндекс.Метрика