A- A A+
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ «Б» корпусы бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды

2019 жылғы 12 наурыз

«Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ, әлеуметтiк, ауыл шаруашылық және шұғыл мәселелер жөнiндегi жетекшi маман, «Е-G-4» санаты, 1 бiрлiк.

Жалақысының мөлшерi қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 470 теңгеден 84 060 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын сақтау үшiн бақылауды қамтамасыз ету. Мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асыру жөнiнде жұмысты жүргiзу. Азық-түлiк тауарларға мониторинг жүргiзедi, кәсiпкерлiк мәселелерiне басшылық етедi. Заңды мәселелер жөнiнде жұмысты ұйымдастырады. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнiнде жұмыс. Жұмылдыру және жұмылдыруға дайындық, әскери қызмет және әскери мiндет мәселелерi жөнiнде жұмыстарды ұйымдастыру. Веб-сайтта ақпараттарды уақытында орналастыруды қамтамасыз етедi, веб-сайтты уақытында жаңартуды бақылау жасайды. Аудандық кәмелетке толмағандар iстер жөнiндегi комиссиясымен өзара әрекет етедi. Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен, iшкi саясат бөлiмiмен, дене шынықтыру және спорт бөлiмiмен, бiлiм бөлiмiмен жұмыс жасайды. Салық төлемдердi жинауды қамтамасыз етедi. Округ әкiмiмен жүктелген басқа да өкiлеттiлiктердi жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзiгi талаптар:

Жоғары: немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «Әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттiк және жергiлiктi басқару), немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдары», немесе «Ветеринария», немесе «Жаратылыстану ғылымдар» (экология), немесе «Құқық», немесе «Бiлiм», немесе «Әскери iс және қауiпсiздiк», немесе орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк: немесе «Метрология, стандарттау және сертификаттау», немесе «Геология, тау кен өндiрiсi және пайдалы қазбаларды өндiру», немесе «Энергетика», немесе «Металлургия және машина жасау», немесе «Көлiк» (салалары бойынша), немесе «Өндiру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалары бойынша) Көлiктi пайдалану», немесе «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника», немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық», немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика (салалары бойынша), қаржы (салалары бойынша), есеп және аудит (салалары бойынша)), немесе «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология», немесе «Құқық», немесе «Бiлiм» бейiндерi бойынша.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдердi қамтиды.

«Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестiлеу бағдарламасындағы «Е-G-4» санаты үшiн: мемлекеттiк тiлдi бiлуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидаларын) бiлуге арналған тестер және стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару деңгейiн анықтауға арналған тестiлер белгiленедi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу Қағидалары негiзiнде өткiзiледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1. осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2. 3х4 үлгiдегi түрлi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық щарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

4. еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотарилдық куәландырылған көшiрмесi);

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотарилдық куәландырылған көшiрмесi).

Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:

  1. құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;
  2. конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

3, 4, 5, 7 және 8, тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Егер азамат қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда еңбек қызметiн растайтын құжаттардың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктерiлмей бередi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi. Әңгiмелесу өткiзу кезiнде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол берiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 26- тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттiгiнiң интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап, ол жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi күнiнен бастап есептеледi, 7 жұмыс күнi iшiнде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиiс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесi, 50 Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты немесе Akkain-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша (DOC 38 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2019
Қаралым саны: 3529
coronavirusГосударственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет
@2024 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»