«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ

Пресс — релиз

Құрметті салық төлеушілер! 

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 16-қазанынан бастап Комитеттің Байланыс — орталығы арқылы салық төлеушілерге кеңес беруді бейне байланысы негізінде көрсетудің пилоттық жобасын іске қосты.

Жобаның мақсаты— арнайы Qr-код басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы https://kgd.qosyl.kz/ «Бейнеқоңырау» сілтемесі арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.

Пайдаланушы әлемнің кез — келген нүктесінен тегін бейне қоңырау шала алады (интернетке қол жетімді ұялы телефонның немесе компьютердің болуы жеткілікті).

Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.

Біз сіздің салық міндеттемелеріңізді орындау процесін қарапайым, ыңғайлы және қол жетімді етуге тырысамыз.

Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі — жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 

Мақалың шыққан күні: 16.11.2023
Қаралым саны: 1480
© 2024. «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ