A- A A+
«Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмдiгi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс жариялайды

Конкурсты өткiзу орны мен күнi: СҚО, аудан әкiмi аппараты шағын залы 2019 жылғы 25 ақпанда сағат 16:00-де

Лот

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, өріс нөмірі

Жер учаскесінің қысқаша міндеттемесі (алқап түрі мен құрамы, балл бонитеті)

Алаң, га

Орташа балл бонитеті

Жалға алу мерзімі, жыл

Лесной ауылдық округі

1

6/172га, кос19/3га, Г1-2кор-1/126га, Г1-2кор,лош/412га, Г1-2кор-2,3/499га –табиғи жайылымдар

Жалпы

Табиғи жайылымдар

Бұталар

Су астында

Жолдар

Басқасы

Одан басқасы, бөтен жер пайдаланушылар СҚО әкімдігінің СҚО ТР және ТПРБ «Аққайың Орман шаруашылығы» КММ

1243 га

1212 га

24га

1 га

4 га

2 га

81 га

14,8

30 жыл

2

1-7/6га, 1-8/17га, 1-4/23га, 1-5/5га, 29кос/1га, 40кос/1га, 2-3/22га, 3-2/50га, 3-1/19га, 2-1/68га, 2-2/24га, 6,10мол-2/35га, 1,2кор/22га, 15кос/8га, 4/117га, 14кос/4га, Г-7,9/192га, 3-1*/36га, Г-11-3/108га, Г-11-1/228га, 1,2сиыр, ат/263га, г-11-2/232га - табиғи жайылымдар

Жалпы

Табиғи Жайылымдар

Бұталар

Жолдар

Басқасы

Одан басқасы, бөтен жер пайдаланушылар СҚО әкімдігінің СҚО ТР және ТПРБ «Аққайың Орман шаруашылығы» КММ

Су ресурстары Комитеті РММ

Елді-мекен жерлері

«Қызылжарқұс» ЖШС

1594 га

1481 га

72 га

15 га

26 га

279 га

29 га

25 га

5 га

14,8

30 жыл

Астраханка ауылдық округі

3

2-3/12га, 2-5/23га, 3-5/11га, Г-1,2кор/444га, Г-3,4,5кор/513га –табиғи жайылымдар

Жалпы

Табиғи Жайылымдар

Су астында

Басқасы

Жолдар

Одан басқасы, бөтен жер пайдаланушылар СҚО әкімдігінің СҚО ТР және ТПРБ «Аққайың Орман шаруашылығы» КММ

1013 га

1003 га

1 га

2 га

7 га

497 га

46,2

30 жыл

Григорьевка ауылдық округі

4

Г 5-8мол/345га - Табиғи жайылымдар

Жалпы

Табиғи жайылымдар

Су астында

Жолдар

806 га

345 га

459 га

2 га

8,2

30 жыл

5

Г 3мол/193га, Г 1,2кор/611га –табиғи жайылымдар

Жалпы

Табиғи жайылымдар

Су астында

Батпақтар

Бұталар

Жолдар

910 га

804 га

11 га

81 га

10 га

4 га

35,4

30 жыл

Конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу

1. Конкурсқа мемлекеттік менжіктегі, жер пайдалануға берілмеген, ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығы беріледі.

2. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес қонкурсқа қатысу үшін өтінімдерін рәсімдеген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.

3. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 04 ақпаннан бастап 2019 жылғы 22 ақпан аралығында өткізіледі.

4. Конкурсқа қатысуға өтінімде:

1.1) мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

1.2) жеке тұлғалар үшін — өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

2) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

3) конкурстық ұсыныс;

4) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

5. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

6. Заңнама талаптарына сәйкес келмейтін, конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

7. Конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды.

8. Конкурстың жеңімпазы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына келуге міндетті.

Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, конкурстың жеңімпазы ауданның уәкілетті органын жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.

9. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпазының бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.

Жер учаскесін пайдаланудың негізгі шарттары мен талаптары:

  1. Мал шаруашылығын («ІҚМ етін экспорттық әлеуетін» дамыту), ауыл шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларда міндетті түрде қатысу;
  2. Жерді нысаналы мақсатына сәйкес және осы Шартпен қарастырылған тәртібімен пайдалану;
  3. Табиғат қорғау технологиясын өндіру қолдану, қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруге және өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауы жол бермеуге;
  4. Сарқылудан және шөлейттену, су және жел эрозиясынан, су тасқыны, батпақтануын, қайталама тұздануы, тығыздау, өндіріс және химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен тұтыну қалдықтарын ластануы, басқа да бүліну процестерінен, карантиндік зиянкестермен және өсімдіктер ауруларымен ауыл шаруашылығы жерін жұқтырудан, бұталармен, мелколесье, арамшөптермен өсімдіктердің басу, жердің жай-күйінің нашарлауы басқа да түрлерінен жерлерді қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізу;
  5. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға және ауданның дамыту бойынша өзге де мемлекеттік бағдарламаларында қатысуға;
  6. Топырақ құнарлығы арттыру және жер заңнамасында белгіленген жерді қорғау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
  7. Жалдау ақысын уақтылы төлеу;
  8. Жануарлар дүниесін, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртібін сақтауға, мемлекетпен қорғалатын жер учаскесінде орналасқан ескерткіштерін, сәулет және басқа да объектілердің қорғауды қамтамасыз етуге;
  9. Жер учаскесінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де талаптар (нормалар, ережелер, нормативтер) сақтауға;
  10. Мемлекеттік органдарға жер заңдарында белгіленген жердің жағдайы және пайдаланылуы туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуға;
  11. Сату немесе оны басқа тұлғаларға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын алу жол бермеуге, жағдайларды қоспағанда, топырақтың құнарлы қабатының біржола жоғалуын болдырмау үшін мұндай алып тастау қажет;
  12. Өз шаруашылық қызметінің нәтижесінде, жердің сапасы мен экологиялық жағдайды нашарлаған жағдайда шығындарды толық көлемде өтеуге;
  13. ҚР Жер кодексіне сәйкес сервитуттарды ұсыну қамтамасыз етуге.

2019 жылғы 22 ақпан сағат 18.00-ге дейін СҚО, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесі, 37 150300 мекен-жайға, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе пошта арқылы ұсынылады.

Мәліметтер және қосышма ақпарат конкурс тәртібі туралы Аққайың ауданы әкімі сайтынан www.ak.sko.gov.kz және «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ сайтынан www.ozo-аk.sko.gov.kz алуға болады немесе телефон арқылы: 8(71532) 2-14-86, 2-17-31.

Мақаланың шыққан күні: 03.01.2019
Қаралым саны: 3582
Государственные символыАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет
@2024 «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Астраханка ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»